2-сабақ. Айнымалылар түсінігі. Деректерді енгізу-шығару.

1. Python тілінде енгізу және шығару

Деректерді шығару үшін print() функциясы қолданылады.

print(5 + 10)    # нәтижесі, 15

print(3 * 7, (17 - 2) * 8) # нәтижесі 21 және 120

print(2 ** 4)    # нәтижесі 16, 2-нің 4 дәрежесі

print(37 / 3)    # / таңбасы бөлуге қолданылады, нәтижесі, 12.333333333333334

print(37 // 3)   # // таңбасы бөлгендегі бүтін бөлігін береді, нәтижесі, 12

print(37 % 3)    # % таңбасы санды бүтін бөлгендегі қалдығын береді, нәтижесі, 37-ні 3-ке бөлгендегі қалдығы 1

print(37 % 10)    # % таңбасы санды бүтін бөлгендегі қалдығын береді, нәтижесі, 37-ні 10-ға бөлгендегі қалдығы 7

print(37 // 10)    # // таңбасы бөлгендегі бүтін бөлігін береді, нәтижесі, 3

Енгізу үшін input() функциясы қолданылады . Бұл функция бір жолдағы деректерді тұтас оқиды.

name = input('Atynyz kim?')  #Atynyz kim? сұрағын экранға шығарады, одан кейін бір жолда енгізілген деректі "name" айнымалысына қабылдайды

print('Salem ' + name + '!') # нәтижесі Salem және name айнымалысынадағы мән

Хэштегпен # басталып жазылған мәтіндер - түсіндірме мәтіндер. Олар бағдарламаның орындалуына әсер етпейді.

2. Сандар мен жолдардың қосындысы

 Айнымалы аты  (A-Z, a-z, 0-9, _) латын таңбаларынан құралады, бірақ ол A-Z диапазонындағы әріптен немесе  _ таңбасымен басталуы керек.

 Деректер типі

Тип

Типтің атауы

Қабылдайтын мәндері

int( )

Бүтін сандар

–27885; –156; 25; 152

float( )

Нақты сандар

25.56; 5.0; –365.5633

str( )

Жолдық

"Madina", "t", "1asd"

bool( )

Логикалық

True, False

Деректің типі оған қандай операцияларды қолдануға болатынын көрсетеді.

first = 5

second = 7

print(first * second) # нәтижесі 35

x = '7'

y = 5

print(x * y) # 77777 (7 санын бес рет шығарады)

# str типіндегі мәндерді бірлік немесе екілік тырнақшаның ішіне жазуға болады

a = '5'

b = "7"

print(a * b) # программа қатені көрсетеді

1-сабақ. Python -ды орнату

Бұл сабақта үйренетіндеріңіз:

-  Python программалау тілін компьютерге орнату;

-  Python программалау тілінің интерфейсімен танысу;

-  Командылық интерфейсті қолдану;

- Қарапайым арифметикаалық есептерді Python тілімен шығару