Робот түрлері және оларды қолдану

Сабақ тақырыбы: Робот түрлері және оларды қолдану
Оқыту мақсаттары:
5.3.4.1 – робот анықтамасын тұжырымдау;
5.3.4.2 – роботтардың түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салаларына мысал келтіру;
Сабақтың мақсаты:
РОБОТ АНЫҚТАМАСЫН ТҰЖЫРЫМДАЙ АЛУ.
РОБОТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАП, ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫНА МЫСАЛ КЕЛТІРУ.
 
Сабақ конспектісі
Робот түрлері және оларды қолдану
 
Робот – адамның, жануарлардың моделі. Оған тірі ағзалардың, адамдардың, жануарлардың сезім мүшелерінің қызметін көшіреді.
Роботқа бионика сияқты қолданбалы ғылымның қағидаларын қолданады.
 
Ол өз дігінен немесе командалар беретін адамның (оператор) басқаруы мен жұмыс істей алады. Адамға ұқсас роботты АНДРОИДТАР деп атайды. АНДРОИДТАРДЫ көбіне ойыншық немесе қызметі шектеулі үй жұмысына көмекші ретінде қолданады.
 
 
Халықаралық стандарт бойынша роботқа төмендегідей сипаттама берілген:
Робот – екі немесе одан да көп ось бойынша программаланатын, белгілі бір дербестікпен жұмыс істеп, алға қойылған міндеттерді орындайтын механизм.
 
Бір уақытта берілген үш шартқа сәйкес әрекетті орындайтын кез келген механизмді робот деп атауға болады:
SENSE (СЕНСОР): сенсорлардың (датчик) көмегімен сыртқы әлемнен ақпарат немесе команда қабылдау. Бұл жерде сенсорлар қызме тін атқаратын құрылғыларға микрофондар, камералар, әртүрлі электрлі-механикалық және т.б. датчиктерді жатқызуға болады.
ACT (ӘРЕКЕТ): қабылданған шешімнің нәтижесінде қозғалы сқа келу, сыртқы әлемге қандай да бір түрде әсер ету.
THINK (ОЙЛАУ): сырттан келген ақпаратты не месе команданы түсіну, ойлану. Түсіну және ойлау нәтижесінде әре кеттерді жоспарлау және шешім қабылдау.
 
Роботтың негізгі түрлері:
 
ӨНДІРІСТІК РОБОТ.
Өнеркәсіпте адамдарға ұқсамайтын, бір орында тұрып жұмыс істейтін стационар роботтар жиі қолданылады. Оларға робот-станоктар, өндірістік желілер (конвейерлер) және манипуляторлар жатады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ РОБОТ.
Хирургиялық ота жасау, тамырға дәрі жіберу, массаж және т.б. жұмыстарға қолданылады. Ең танымал хирургиялық робот – Да Винчи. Оның көмегімен бірнеше хирург-операторлар жоғары дәлдіктегі оталарды жасайды. Адам ағзасына күрделі ота жасау үшін өте кіші нано-роботтар қолданылады.
ТҰРМЫСТЫҚ РОБОТ.
Ауыр жұмысты жеңілдетіп, көмекші қызметін атқарады. Бұл роботтар хатшы болады, бөлмелерді тазалайды, жануарлардың қызметін атқарады. Мысалы, кейбір бұйрықтарды орындай алатын робот-ит, робот-шаңсорғыш, т.б. бар.
ӘСКЕРИ РОБОТ.
Әдетте қашықтықтан басқарылады және ерекше қауіпті жағдайларда адамды алмастыра алады. Бұл роботтарға робот-минатазалаушы, робот-танк, робот-санитар және тағы басқа түрлері мысал бола алады.
Жоғарыда роботтың барлық түрі айтылған жоқ, өйткені бұл сала әлі де даму үстінде. Болашақта әртүрлі салада адам қызметін ауыстыратын роботтардың сан алуан түрі пайда болуы мүмкін.
 
Қызықты ақпарат:
Ең алғашқы роботты 1927 жылы Нью-Йоркте ғалым Д. Уэксли Дүниежүзілік көрмеге арнап құрастырған. Бұл роботтың құрылымы қарапайым болғанмен, біраз бұйрықты сәтті орындады. Ол адамның берген бұйрығымен белгілі бір сөз тіркестерін айта алды.

Робототехника бойынша тапсырмалар